Қазіргі уақытта спортпен айналысуға ден қойған жастар саны артып келеді. Спортпен айналысу ұлттық рухті көтеріп, жеңімпаз атануға ықпал етеді.
Сайрам ауданындағы «Ақсу Жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шәкірті Қалдыбек Заңғар еркін күрестен өткен республикалық турнирдің чемпионы атанды.
2024 жылдың 02-04 қазан күндері аралығында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында еркін күрестен бапкер Мұрат Тотаев пен КСРО спорт шебері Сапархан Шайменовты еске алуға арналған 2008-2009ж.т. жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Аталмыш турнир аясында Алматы,Шымкент, Қызылорда, Атырау, Павлодар, Қарағанды,Жетісу, Жамбыл және Түркістан облысының командаларынан келген 300-ге тарта спортшылар бақтарын сынады.
Бұдан бөлек, турнирге Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спортшылары да қатысып қайтты.
Жарыс нәтижесі бойынша:
I орын — республикалық турнирде 71 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Қалдыбек Заңғарға бұйырды.
Жас спортшымызды жарыс жолына дайындауда жаттықтырушысы Думан Бердалиевтің еңбегі ересен.