Елімізде атом электр станциясын салу үлкен сенім мен жауапкершілікті талап етеді. Бұл таңдау елдің болашағы үшін үлкен маңызға ие және оның ұзақ мерзімді экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуын анықтайды. Атом электр стансасы салынбаса, еліміз энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күрделі қиындыққа тап болуы мүмкін. Бүгінде электр энергиясы негізінен тым ескіріп кеткен, сол себепті қомақты инвестицияға мұқтаж көмір стансаларында өндіріліп жатыр.
«Адамдардың дұрыс таңдау жасауына АЭС салудың пайдасы мен қажеттілігін түсіндіре отырып, ашық ақпараттық науқан жүргізу қажет. Атом энергиясы – энергетикалық тәуелсіздік пен электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз ете алатын ең таза және тұрақты энергия көздерінің бірі екенін ерекше атап өткен жөн.
Осы ретте аудандық халықтық штаб мүшелері «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Мамадиярұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков және түрік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Рамазан Ламаев Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледжінің ұжымы және жоғары курстың студенттерімен әңгімелесу барысында атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.
Аманкелді Қабылбеков өз сөзінде: АЭС салу мәселесі еліміз үшін өзекті болып отыр. АЭС тек дамыған елдерде ғана бар. Одан қорқудың қажеті жоқ. Бізде осыған қарай ұмтылуымыз керек. Бұл – болашақтың жобасы. Біздің балаларымыз келешекте жарық, жарқын өмір сүруі қажет. Тек бірге ғана елдің болашағын жасай аламыз. Сондықтан, баршаңызды алдағы референдумда АЭС салуға дауыс беруге шақырамын», – деді.
Колледж ұжымы алдағы референдумға белсенді қатысуға және АЭС құрылысын қолдайтындарын білдірді.