Референдум: Түркістан облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы өз таңдауын жасады

ардагерлер кеңесінің төрағасы

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да орналасқан №133 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде белсенділік жоғары, 18-ге енді толған жастардан бастап, зейнеткерлер де дауыс беріп жатыр.

Түркістан облысындағы дауыс беру учаскелері қажетті барлық материалдық-техникалық жабдықтармен қамтылған. Референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Комиссия мүшелерінің 97 %-ының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сонымен бірге, бақылаушылар да референдум барысын тұрақты қадағалап отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі