Мемлекеттік қызмет- бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Өз халқың үшін қызмет ету — зор бақыт, үлкен қуаныш!
Тәжібеков Рүстембек Ергешұлы — Түркістан облысы Төлеби ауданы Момынай елді мекенінде 1962 жылы қаңтар айында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын Момынай 8 жылдық мектебінде сантехник болып бастаған. 1989 — 2024 жылдар аралығында Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, жетекші маманы, заңгер қызметтерін атқарған.
2024 жылдың наурыз айынан Аққұм ауылдық округі әкімі аппараты әкімі көмекшісі қызметін атқарады. Бір салада 35 жыл жұмыс барысында халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын бойына сіңіре отырып, үлкендерді сыйлау, құрметтеу, ізет көрсету сынды қасиеттерімен өскелең жас ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие беру жолында үлгі болып, ел арасында сыйлы отбасылардың бірі.
Еткен еңбектер еленіп, аудандық мәслихаттың және аудан әкімдерінің бірнеше алғыс хаттарымен марапатталған.
Еліміздің өркендеп даму жолындағы қызметіңіздің абыройы арта берсін!