Аудандағы Ақсукент және Қарасу ауылдық округтерін жалғайтын «Ақсу-Құрешбұлақ» ШҚ-36 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Осы жолда 8,1 км автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарын «Шымкентдорстрой» ЖШС мердігерлік мекемесі орындауда.
Жол құрылыс жұмыстары 2022 жылдың 14 маусымында басталып, 2023 жылдың желтоқсан айына дейін жүргізу жоспарлануда.
Бүгінде аталған жолда мердігер мекеме тарапынан асфальттің екінші қабаты майда тасты асфальт салу жұмыстары жалғасуда.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі