Саурандағы елді мекенге табиғи газ берілді

аудан әкімі Мақсат Таңғатаров

Сауран ауданындағы Ойық елді мекені табиғи газға қосылды. Бүгінде 257 халқы бар 43 абонент толықтай газбен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, жыл басында Бершінтөбе, Ибата елді мекендері табиғи газға қосылған. Аталған елді мекенге аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Жалпы аудан бойынша 10 елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізілген.

Сонымен қатар, аудандағы Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Шорнақ ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобаларды қаржыландыру үшін республикалық бюджетке өтінім жолданған. Одан бөлек, биыл Бабайқорған, Майдантал, Жібек жолы ауылдық округтеріне магистральды газ құбырын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жоспарланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі