Сел тасқыны – таулы жерлерде көп таралған жойқын қиратушы күшке ие болатын қауіпті апаттық құбылыс. Сел қаупі туындауының белгілері – қарқынды және ұзақ уақыт нөсер жауынның жаууы; сел қауіпті өзеннің бастауындағы мореналық (мұздық) көлдер мен олардың ақтарылу қаупін туғызатын ауа температурасының кететтен және ұзақ уақытқа көтерілуі; өзендегі су деңгейінің кететтен төмендеуі немесе көтерілуі; су лайлылығының артуы. Қауіпсіздік шаралары:
1. Таулы аймақтардың жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз;
2. Егер сел қауіпті арнаның жоғарғы жағында қарқынды нөсер жаңбыр байқалса, сел қауіпті арнадан кетіңіз;
3. Қозғалыстағы сел тасқындарына 50-70 метрден жақын бармаңыз;
4. Тік құздар мен тік беткейлерге жақын тоқтамаңыз, опырылым болуы мүмкін;
5. Сел арнасы бойынша қозғалыс кезінде адамдардың арасы 20-30 м қашықтықта құрауын қадағалаңыз.
Шымкент қаласы ТЖД