Құқықбұзушылық– заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Түркістан қаласы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі қызметкерлерімен Өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімімен бірлескен, әкімдікпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын қадағалап, мерзімін бұзу фактілерін болдырмау, құқықбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында заң бұзушылықтардың алдын алу және қызметтердің сапалы орындалуы талқыланды. Мемлекеттік қызметкерлердің құқық бұзушылығын алдын алуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениет ерекше орын алады. Құқықтық саналы әрі мәдениетті адам құқық бұзушылыққа жол бермейді. Құқықтық сана құқық нормаларының нақты және толығымен іске асырылуының ең басты шарты. Құқықтық нормаларының талаптары тікелей азаматтарға қойылады. Бұл талаптарда олардың саналы түрдегі ерікті әрекеттері арқылы орындалады. Яғни неғұрлым құқықтық сананын деңгейі жоғары болса, соғұрлым құқық нормаларының ережелері нақтырақ орындалады. Қоғамдық мәдениет саласында құқық мәдениетінің жетістіктерін ғана басқарып, реттеп отырады. Мәдениет өзінің даму процесінде қоғамның рухани байлығын, халықтың сана сезімін дамытып, жоғары дәрежеге көтереді. Құқықта өз кезегінде мәдениетгі қорғап, реттеп отырады. Осыдан келіп құқықтық мәдениет қалыптасады.