Бүгін елімізде ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Созақ ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев алғашқылардың бірі болып Сызған ауыл округіндегі №701 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Саналы ғұмырын ауданның дамуына жұмсап, елге қызмет еткен ардагер бүгінгі маңызды саяси науқан жоғары деңгейде, әділ өтсін деп бата берді.
– Ел болашағы үшін әрбір азамат дауысы маңызды. Сондықтан мен де жасым 90-нан асқаныма қарамастан таңсәріден келіп өз таңдауымыды жасап, саяси науқаннан шет қалмадым. Қашанда еліміз аман, бейбітшілік заман болсын,– деп ізгі ақ тілегін жеткізді. Сайлау комиссиясының жұмысына табыс тіледі.
🔗 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі