Солтүстік Қазақстан облысы ауылдарының тұрғындары «Golden Hearts» ҚБ жүзеге асыратын «Ауылдағы цифрлық сауаттылық» жобасының арқасында цифрлық және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруда. Жоба «Шеврон» компаниясы және Орталық Азияның Еуразия қорымен әріптестікте «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.
Оқудың 2 айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының 30 елді мекені қамтылып, 38 бен 65 жас аралығындағы 748 ауыл тұрғындарына 390 консультация өткізілді.
«Golden Hearts» ҚБ директоры Динара Өмірзақова атап өткендей: «Тренерді іріктеу кезеңінде қойылған міндет соншалықты жауапты іс болғандықтан, біз үшін тек оқытып қана қоймай, цифрландырудың шынымен де жүзеге асырылу идеясын жеткізе алатын адамды таңдауда қателеспеу маңызды болды. Жобаның арқасында ауыл тұрғындары заман талабына сай өмір сүріп, заманауи өзгерістерден қорықпайды».
Тұрғындардың ауылдастарын цифрлық сауаттылық бойынша тренер ретінде таңдалуы жобаның табысты болуының негізгі факторы болып шықты. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарымен сенімді байланыс орнатуға септігін тигізді.Пандемия Қазақстанда және бүкіл әлемде цифрландыру қарқынын жеделдетті. Байланыс пен интернетке қолжетімділіктің маңыздылығы артты. Іс жүзінде барлық қызметтер – білім беру, банк қызметтері, үкімет қызметтері – онлайн режимге өтті. Егер қала халқы мұндай өзгеріске тез бейімделсе, ауыл тұрғындары жаңа өзгерістерге сенімсіздікпен қарайды.
Жоба командасы тренерлермен бірге ауылдардың 13 тұрғынын цифрлық сауаттылық негіздеріне үйретті. Оқыту үшін цифрлық сауаттылық бойынша білікті тренер және деректердің құпиялылығы және интернеттегі қауіпсіздік бойынша заңгер шақырылды. Сондай-ақ, Қазпочта, ХҚКО, банк өкілдері сияқты онлайн қызметтерді ұсынатын ұйымдардан арнайы мамандар шақырылды. «Ардос Жүрек» мүгедектер бірлестігінің белсенділері мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеу ережелері бойынша оқыту жүргізді.
Жобаның негізгі идеясы – цифрлық сауаттылық бойынша тренердің ауыл тұрғынының тренер мен клиент арасындағы «жылы байланысты» көздеуі. Осындай консультация форматында ауыл тұрғындарының тренерге деген сенімі пайда болады, өйткені «егер ол бірдеңе үйрене алса, мен де істей аламын» деген ой туындайды. Офлайн және онлайн форматтардағы консультациялардың, жұмыс чаттарының және жеке хат алмасулардың арқасында тренерлер мен ұйымдастырушылар клиенттермен жұмыс істеу бойынша туындайтын мәселелер мен қиындықтарды жедел шешті.
Ауыл тұрғындарының арасында ең көп сұранысқа ие болғаны: Egov mobile қызметі (вакцинация, сотталмағандық, құқықбұзушылық туралы анықтама алу) ; «Ashyq», «Kaspi Bank» және «Halyk Bank» мобильді қосымшаларын игеру; QR-кодты сканерлеу; халық санағына онлайн тіркелу; айыппұлдарды, салықтарды, коммуналдық қызметтерді төлеу; Zoom мен WhatsApp-пен пайдалану, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі аккаунттарды тіркеу және өшіру. Тренерлердің арқасында ауыл тұрғындары мобильді қосымшаларды пайдалану және цифрлық қызметтерді алу арқылы уақытты қалай үнемдеуге болатынын біліп, қызығушылық танытты. Жоба барысында қолма-қол ақшасыз төлем жасау саны артты, офлайн қызметтерді алу үшін көрші ауданға бару саны азайды. Адамдар тренерлердің көмегіне көбірек жүгіне бастады, өйткені олардың жұмысына деген сенім артты. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл – жоба тиімділігінің маңызды көрсеткіші.
Жания Хаирова, ОАЕҚ коммуникация бойынша менеджері