Ағымдағы жылдың 12 тамыз күні Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Балжан Алипбектің төрайымдылығымен Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылыарының мәртебесі туралы» Заңының, сондай-ақ Әділет департаментінің уәкілетті орган ретіндегі ішкі жұмыс тәртібін реттейтін ережелері мен басқа да құқықтық талаптарының сақталуы бойынша онлайн семинар өтті деп хабарлайды Ntime.kz. Аталған шараға Түркістан облысының Әділет департаменті атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі, ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің қызметкерлері,Түркістан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Түркістан облыстық жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы және облыстағы жеке сот орындаушылары қатысты.Жиын барысында атқару құжатының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі заңда көзделген шараларды сот орындаушылардың толық және уақытылы қолдануы, мемлекет мүддесіне қатысты орындау мерзімі бұзылып, негізсіз жылдан-жылға созбалаңдыққа салынып жатқан атқару құжаттары бойынша заңмен белгіленген атқарушылық шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етуді ұйымдастырып түпкілікті заңды шешім қабылдау туралы бұдан бөлек атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің жеке сот орындаушылардың қызметін бақылау бағытындағы жұмыстарды жандандыру туралы бірқатар жұмыстар баяндалып, пікірлер талқыланды.