Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 105 жағдай тіркелді. Оның ішінде 84 симптомды және 21 симптомсыз науқастар.
Соңғы 10 күнде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 948 жағдайы анықталды. Қазірде 27 стационарлық ем қабылдауда, 921 амбулаторлық бақылауда.
Ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша инфекциялық стационарлардың дайындық жұмыстары пысықталған. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 100 төсек-орын жасақталып тұр.
Қазіргі таңда 27 азамат стационарлық емделуде. Төсек-орын толымдылығы 27% құрайды, 73 төсек орын бос. Ал жансақтау бөлімінде 15 төсек орын бар.
Шымкент қаласы денсаулық басқармасы