Бүгін Түркістан облысы Әділет департаментінің Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлім филиалының қызметкерлерінің және «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлерінің қатысуымен жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында жиналыс өтті.
Жиналыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жандандыру туралы мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, жемқорлыққа төзбеушілік жағдайына қол жеткізудің маңыздылығы және негізгі күш сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына қарсы алдын алу жағдайларын жасауға бағытталған болуы тиіс екендігі, қоғамның келеңсіз құбылысына қарсы шараларды күшейтудің маңыздылығы айтылды. Ел тұрақтылығын, әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі, құқықтық мемлекетті құрудағы, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және мәдениетті қалыптастырудағы азаматтардың белсенділігін көтеру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың нормаларын сақтаудың өзектілігі де назардан тыс қалмады.