Қазіргі біздің қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымз қажет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау мақсатында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде іс-шара өткізілді.
Шараның басты мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, белсенді азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру.
Модератор, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының мүшесі: Ақтаев Мұқтар Бексұлтанұлы жастарға іс-шараның негізгі бағыттарын түсіндіріп, дәріс өткізді.
Жиынға, Білім саласының жас студенттері, Жас спорт шеберлері және «Жаңару» белсенділері қатысты.
Кездесуге 50-ден аса адам қатысып, пікір алмасты. Жиын соңында жастар тарапынан түскен ұсыныстар қабылданды.