Тұңғыш рет Қызылордада ерекше форматта мектеп директорларының саммиті өткізілді деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі Баспасөз орталығы.
Бұл лиганың оқу жылындағы қорытынды жиыны. Саммитке облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймұрзаева және бірқатар мектеп директорлары жиналды.
«re-Start: Жаңа әлемдегі жаңа мен» атауында өткен директорлар саммитінде білім беру ұйымының басшылары өзекті тақырыптарға негізделген мәселелерді пікір алмасу форматында талқылады. Айталық, шарада білім орнының басшылары «Директордың 10 қателігі», «Директордың өзіндік дамуындағы жылдық жоспар модулі», «Көшбасшыдағы эмоциональды интеллект», «Педагогпен диалог» тақырыбында қызу пікірталас ұйымдастырды.
Жиында Ақзира Бақтыбайқызы директорлардың бәсеке ағынына қарсы төтеп беру, өзіндік даму, ата-анамен байланыс туралы ойымен бөлісті.
Ой алаңында барлық директорлар өзіндік пікірін айтып, көзқарастарын білдірді. Ішкі анализ, сыни ойлау сынды мәселелерде қамтылды.
Алдағы уақытта лигалықтардың құрамы жаңа директорлармен толығады.
Еске салайық, Республикада алғаш болып Қызылордада құрылған «Серіктес директорлар» лигасы бір жыл ішінде түрлі бағыттарда жобалар жасаған. Бүгінде мектептерге 20-дан аса тақырыптық бағыттар беріліп, әр білім ұясы жаңа жобаларды енгізуде. Мектепке енген тәжірибелер әрі қарай магниттік тәсілмен өзге мектептерге таратылатын болады.