2021 жылдың 1 қараша күні Арман мәдениет Үйі және Нартай Өнер мектебінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында би, шешен Бименбет Есенәліұлының 210 жылдығына арналған «СӨЗ ЗЕРГЕРІ-БАЛА БИ» атты облыстық әнші- жыршы-термешілер фестивалі болып өтті.Фестивальді ақын, жырау, әнші Марат Сүгірбай жүргізді.Өнер мерекесінде Сыр бойы жыраулық дәстүрін баршаға насихаттап, танытып жүрген жыраулық өнердің жампоздары әнші – жыршы — термешілер тарих ғылымдарының магистрі, жыршы Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпен, Нұртілек Ақтаев, Айдар Үсенов, Амандық Жаппарбердиев, Нұрай Өркенбек, Бақыт Тоғжан, Бексұлтан Орынбасаров, Әлішер Мырзағалиев, Абылайхан Бектасов, Ізбасхан Дәулетхандар өнер көрсетіп, көрерменнің ықыласына бөленді.Құлақтың құрышын қандыратын қазақтың киелі домбыра мен сырнайынан жауһар жыр төккен өнерпаздарға Алғыс хаттар табысталды.
Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі