Табиғатты бірге қорғайық!

Адам — табиғаттың  ажырамас  бөлігі. Табиғат тіршіліктің  құт — берекесі. Табиғат тіршілік иесінің ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы. Сондықтан табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі күрделеніп  барады. Айналаға қоқыс тастап ластамай, адамдардың арасында  қоғамдық сананы, мәдениетті қалыптастыру керек. Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғатты қорғау — бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметіндегі басты басымдықтардың бірі болып табылатынын» атап өткен.

Өз кезегінде Шымкент қаласы  Абай ауданының прокуратурасы күнделікті әлеуметтік желілерде жарық көрген сыни мақалаларға мониторинг жүргізу барысында аудан аумағында кездейсоқ қоқыстардың пайда болуы және бұл мәселе қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп жатқанын анықтады.

Атап айтқанда, аудан аумағынан өтетін «Бадам» өзенінің жағалауы түрлі сусын қораптарымен және басқа да күл қоқыстар мекеніне айналып ластанғаны, сонымен қатар аялдамаларда орналасқан қоқыс жәшіктері, сондай-ақ сауда орталықтарының маңайларында түрлі тұрмыстық қалдықтар үйінділері жиналып қоқыс алаңдарына айналған.

Бұл ретте, сыртқы улы заттардың әсерінен табиғи ортамыз ластанып, соның салдарынан азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың пайда болу ықтималы бар.

Осыған байланысты, аудан прокуратурасы көрсетілген мәселенің қалыптасу заңдылығын зерделеумен тиісті қадағалау актісін енгізіп, нәтижесінде жасанды қоқыс алаңдарына айналған су арналары мен елді мекендер қоқыстан тазартылып, жергілікті атқарушы органның жауапты лауазым иелері тиісті жауаптылыққа тартылды.

Ntime.kz