Мегаполис полициясы «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Негізгі мақсат – заңсыз аң аулау, ағаштарды заңсыз кесу, биологиялық ресурстар объектілерін заңсыз алу, тасымалдау, сату немесе өткізу жайттарының жолын кесу.
Шараның жиырма күнінде тәртіп сақшылары 200-ге жуық табиғатты қорғау заңнамасын бұзу жайтын анықтады.
Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабымен 38 адам жауапқа тартылды, азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзғаны үшін 116 азаматқа айыппұл салынса, ӘҚБтК-нің 386-бабына сәйкес жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бұзған 38 тұлға ескерту алды.
Құқық қорғаушылар тұрғындарға заңсыз аң аулағаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы еске салады және өңірдің экологиялық әл-ауқатын сақтауға, табиғат пен жануарлар дүниесін қорғауға шақырады.
Шымкент Қаласының ПД