Шымкент қаласында табиғи газбен қамту жоспары жылдан-жылға артып келеді. 2022 жылы табиғи газбен 50 елді мекен толығымен, ал 27-сі жартылай қамтылған болатын. Мамыр айында Асар-2 тұрғын алабына табиғи газ жеткізілді. Ұзындығы 24 шақырымдық құбыр жүргізіліп, нәтижесінде 1 046 абонент табиғи газ желісіне қосылуға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта жергілікті халық «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен техникалық шарт жасасуда.
Ал, 2023 жылы 6 нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Тассай, Тұран, Асар-2, Сауле шағынауданы, Солтүстік саяжай, Бозарық елді мекендерінің тұрғындары табиғи газ игілігін көрмек. Сондай-ақ, Нұртас, Ынтымақ-2 шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер мекемелер анықталды. Ал, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы газ жүйесінің құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады.
Айта кетейік, биылғы жылы табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94 пайыздан, 96 пайызға жеткізу көзделіп отыр.