Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғындары автокөлік жуу орнындағы сейфтен ақшасының ұрланғаны туралы шағымданды деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Жәбірленушіге 100 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Үй-жайға кіріп жасалған ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Іздестіру шаралары барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен осы көлік жуу орнының 29 жастағы қызметкері анықталып, ұсталды.
Сондай-ақ тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде осы адам жасаған тағы бір қылмыс анықталды.
Ағымдағы жылдың сәуір айында әртүрлі жұмысқа жалдана жүріп, өзі секілді жалдамалы әріптесінен «Оппо 101» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткен, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Жоғарыда аталған барлық деректер бойынша күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.