Түркістан қаласының прокуратурасы қалалық емхана қызметінде тұрғындарды тегін медициналық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізді.
Талдау нәтижесінде тек белгілі бір санаттардағы азаматтарға берілуі тиіс дәрілер мен медициналық заттарды белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін адамдарға беру фактілері анықталды.
Енгізілген прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз берілген дәрілер мен медициналық заттардың құны мемлекет пайдасына қайтарылып, заң бұзушылықтарға жол берген 7 дәрігер тәртіптік жауаптылыққа тартылды.