Тұрғын үйді жалға алу мәселелері бойынша заң кеңесін алу үшін Сіз «119» нөмірі бойынша Әділет министрлігінің тәулік бойы тегін құқықтық ақпараттық қызметіне, сондай-ақ өңірлік адвокаттар алқалары мен заң консультанттары палаталарына жүгіне аласыз, деп жазады ntime.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес құқықтық консультация беру келесі тұлғаларға мемлекет есебінен тегін көрсетіледі:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;
- кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;
- кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға).
- Әділет министрлігі өз тарапынан барлық адвокаттық қоғамдастық пен заң консультанттары қауымдастығын осындай жағдайға тап болған барлық азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге шақырады.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерінің және адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттардың, кәсіби медиаторлардың, Түркістан ҚПБ ЖПҚ Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны, жеке сот орындаушылардың, ерікті заңгерлердің қатысуымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында және азаматтарға құқықтық, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша заңдық тұрғыда консультациялық көмек көрсету үшін «Көмек» оңалту орталығының азаматтарын қабылдау өтті