Ақмола облысының көрнекі жерлерін аралауға арналған ақпараттық турға БАҚ пен туроператорлар өкілдерін шақырамыз

«Байтақ жер» әлеуметтік жобасының баспасөз турында сіздерді Ақмола облысына қарасты Целиноград, Зеренді, Ақкөл, Біржан Сал аудандарында іске асырылатын қызықты эко-, этно-, агротуризм бағдарламалары күтеді.

Тур аясында сіздер ауылдық аймақтарда туризмді дамытумен айналысатын жергілікті кәсіпкерлермен танысып, демалыстың келесі түрлеріне қатыса аласыздар:

•           этноауылға саяхат пен киіз үй иесінің қонағы болу;

•           садақтан оқ жіберу мен киіз басудан мастер-класстар;

•           атқа мініп, ауданның көрнекі жерлерін аралау;

•           бақтақ шаруашылығын тамашалау;

•           АЛЖИР мемориал кешеніне саяхат;

•           төбелер, көлдер, бұлақтар мен каньондарға экскурсия.

            Турдың көмегімен «Байтақ жер» жобасының командасы қалың жұртшылықты Қазақстан үшін тарихи әрі табиғи маңыздылығы зор жерлерімен таныстыруын көздейді.

            Турға қатысушылардың тұру, тамақтандыру және жол шығындарын ұйымдастырушылар өтейді. Тур аяқталғаннан кейін журналистер өзінің баспасөз арнасында (онлайн БАҚ, әлеуметтік желідегі паблик, т.б.) материал жариялауға, ал туристік агенттер турды өзінің маршруттар тізіміне енгізуге міндетті.

            Қатысқыңыз келеді ме?

Түйіндеме мен портфолиоңызды aliya@ef-ca.org және aizhan@ef-ca.org мекенжайларына «Инфотур» тақырыбымен 15 шілдеге дейін жіберуіңіз. Қатысуға ниеті бар Қазақстанның кез келген журналисі мен туристік операторы өтінімін жібере алады, алайда логистиканы тиімді ұйымдастыру мақсатымен Астана қаласы мен Ақмола облысында тұратын мамандарға артықшылық беріледі.

«Байтақ жер» жобасы туризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдау арқылы ауылдық жерлерде тұратын адамдардың экономикалық мәселелерін қысқартуға бағытталған. 2022 жылы жобаға Ақмола облысының 60 тұрғыны өтінім беріп, оқыту бағдарламасының 6 қатысушысы қарыз алып, өз жобаларын жүзеге асырды. 2023 жылы қазан айында жобаның ІІ кезеңі басталды. Қазір жобаның қарыздар байқауында жеңген 9 кәсіпкер бөлінген пайызсыз 2-6 млн теңге мөлшердегі қарыздардың көмегімен өз жобаларын іске асыруда.

«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты www.baitaqzher.kz сайтынан, подкастынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.

Елена Гаркава