Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Тұрғыновтың төрағалығымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша бөлімшесінің өкілдері, Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен тіркеу қызметіне қатысты семинар- кеңес болып өтті.
Іс-шара барысында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 42-бабына сәйкес, заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттелетін мүліктің меншік иелері бірлестігі нысанда құрылатын заңды тұлғаларды тіркеу тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету барысында тіркеу мерзімін үзу, тіркеуден бас тартулардың санын азайту және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, артық құжаттарды талап етпеу жағдайы түсіндіріліп өтілді. Сондай-ақ, «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерек қорына онлайн түзетулер жүргізу тәртібіне қатысты ақпараттар айттылды
Семинар-кеңес соңында жылжымайтын мүлік және АХАТ бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындайтын өзге де мәселелер бойынша пікір алмасты.