Түркияның дәрігерлері Түркістанға келді

Түркістанда Халықаралық симпозиум басталды. 27-28 сәуір күндері Түркияның үздік хирург дәрігерлері екі күн бойы өз тәжірибелерімен бөліседі деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шара барысында «балалардың туа біткен» аурулары мен «сүт безі қатерлі ісігін» ота әдісімен емдеу мәселелері талқыланбақ. 
Айта кетсек, симпозиумға Түркияның «Лив Улус» клиникасының білікті дәрігерлері арнайы келді. Бүгінде Түркияда аталмыш мекеменің 17 қалада 37 ауруханасы бар. Жиында алғашқы болып хирургия саласында 33 жылдық тәжірибесі бар Селами мырза сөз сөйледі. Айтуынша, пандемия жағдайында B2B форматында кездесу ұйымдастыру дәрігерлер үшін зор мүмкіндік.
«Бүгінгі кездесу біз үшін өте маңызды.  33 жыл хирургия саласында қызмет етіп келемін. Менің Қазақстаннан келетін науқастарым көп болған. Бір байқанаым қазақстандық дәрігерлердің тәжірибесі мол. Сондықтан бүгінгі жиын барлығымыз үшін пайдасы зор. Біз өзара тәжірибемен бөлісіп, біліктілігімізді арттыратын боламыз»,- дейді профессор Селами Сезюбир.
Шараға сондай-ақ,  Түркістан облысының дәрігерлері де қатысуда. Аймақта бүгінде жалпы 23 429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары.
 Елімізде жыл сайын ана мен бала денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Президент Жолдауларында, денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған бағдарламаларда бұл мәселе назардан тыс қалған емес.
 

Врачи из Турции прибыли в Туркестан

В городе начался международный симпозиум передает пресс-служба акима Туркестанской области.

27-28 апреля лучшие врачи-хирурги Турции поделятся своим опытом. 
В ходе мероприятия обсудят вопросы лечения детских врожденных заболеваний и рака молочной железы при помощи оперативного вмешательства.
Отметим, что на симпозиум специально приехали квалифицированные врачи из турецкой клиники «Лив Улус». На сегодняшний день в Турции это учреждение имеет 37 больниц в 17 городах. 
Первым на совещании выступил доктор Селами Сезюбир с 33-летним опытом работы в хирургии. По его словам, организация встречи в формате B2B в условиях пандемии — это огромная возможность для врачей.
«Сегодняшняя встреча очень важна для нас. 33 года работаю в области хирургии. У меня было много пациентов из Казахстана. Один из замечательных казахстанских врачей имеет большой опыт. Сегодняшнее собрание принесет пользу всем нам. Мы будем делиться опытом и повышать свою квалификацию», — подчеркнул профессор Селами Сезюбир.
В мероприятии также участвуют врачи Туркестанской области. Всего в регионе сегодня работают около 23,5 тыс. медиков. Из них более 5000 — врачи, остальные — специалисты среднего звена.
В стране ежегодно уделяется особое внимание сохранению здоровья матери и ребенка. В Посланиях Президента, программах по развитию здравоохранения этот вопрос не остался без внимания.