Бүгін Түркістан қаласы «Ұлы Дала елі» орталығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» жөніндегі шаралар кешенін іске асыру мақсатында облыстық деңгейде қорытынды семинар болып өтті.«BAGLAN GROUP» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен жиында «Жігерлі ел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ақмарал Әбдінәбиева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов алғы сөз сөйледі.
Семинар аясында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас наркологы Қабылет Бақтыбайұлы, Түркістан жоғары медицина колледжінің жастар ұйымының төрағасы Алтай Рамазан, Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының психологы Жансая Ержанқызы, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының» маманы Айбек Жәнібекұлы, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сабира Мұратқызы сөз сөйледі.
Шара барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, «Мұрагер» Республикалық қоғамдық қорының мүшелері өз ойларымен бөлісті. Семинарға Үкіметтік емес ұйымдар, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының» мамандары, БАҚ өкілдері, студент жастар қатысты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі