«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалында құжаттарды алуға арналған постамат орнатылды. Бүгінде еліміздің тоғыз облысындағы ХҚКО-да дайын құжаттарды беру постаматтары орнатылып, 24/7 режимінде жұмыс істеп тұр. Бұған дейін пилоттық жоба Астана мен Алматы қалаларында енгізілген болатын. Енді Шымкент, Тараз, Қордай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Семей қалаларында жүзеге асып отыр.
Бүгінде еліміз бойынша қызмет алушылар постамат арқылы 2 мыңнан астам құжат алған. Азаматтар ол жақтан құжаттарын өздеріне ыңғайлы уақытта ала алады. Жүйе сұранысқа ие қызметтің 11 түрі бойынша қолжетімді. Олардың ішінде: баланың тууын және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, құжаттарға апостиль қою, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқалары сынды дайын құжаттарды алуға болады.
Айта кетейік, қызмет алушылар жеке ұялы телефонға келген SMS-хабарламаға келісім беріп, тіпті дайын құжаттарды үйге жеткізуге тапсырыс бере алады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет