Түркістан облысы ПД қызметкерлері мен ардагер полицейлер арасындағы қарым-қатынас күннен күнге жандана түсуде. Полицейлер ардагерлер кеңесінің мүшелеріне әрдайым қамқорлық танытып, қандай да бір туындаған мәселелерін шешіп беруде белсенді жұмыстар атқаруда. Бұған қоса ардагерлер еңбек жолын енді бастаған жас қызметкерлермен жиі кездесіп, ақыл-кеңестерін айтып, өз тәжірибелерімен бөлісуде. Осы орайда Қазығұрт АПБ қызметкерлері ардагерлер кеңесінің мүшелерін арнайы шақыртып жиын ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар тарапынан атқарған адал қызметтері үшін ардагер полицейлерге құрмет көрсетіліп, марапаттау рәсімі өткізілді. Жиын барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағидулла Жұматаев Ішкі істер министірлігінің «Құрметті ардагері» және Төтенше жағдайлар министірлігінің «Құрметті ардагері» медальдарымен марапатталды. Сонымен қатар ардагер полицейдің рухани жаңғыру аясында атқарған қызметін бағалап, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» алғыс хаты арнайы табысталды.Өз кезегінде ардагерлер алқасы полиция қызметкерлеріне осындай марапаттар үшін алғыс айтып, мәз мейрам болып тарқасты. Сондай- ақ ардагерлер полиция қызметкерлеріне әсіресе жас мамандардың алдағы еңбек жолына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.
ТО ПД баспасөз қызметі