Қазығұрт аудандық ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызметкерлері «Алматы-Термез-Ташкент» тас жолын яғни Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарайтын Кеме қалған тау асуын ауа райының күрт бұзылуына байланысты жауған қардан тазалауда. Сонымен қатар, қардан тазаланған аймақтарға көк тайғаққа қарсы қиыршық тастар мен тұз сеуіп, көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ полиция қызметкерлері жолда қалып қойған 10-нан астам автокөлік иелеріне көмектесіп, көліктерін сүйреп, тау асуынан өтуге жәрдем берді. Осы тұста Түркістан облысының полицейлері көлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы мерзімге сай ауыстыруға кеңес береді. Жолдың жүру бөлігінде қатқан мұздың пайда болу ықтималдығына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, көлік арасындағы қашықтықты сақтап, маневрлер мен тежелулерден аулақ болуды ескертеді.
ТО ПД баспасөз қызметі