Мақтаарал АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті екі бірдей тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағымданған. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, сырттай танысы 2020 жылдың ақпан айында кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз 580 000 теңге ақша шығарып беремін деп сенімдеріне кірген. Содан жәбірленушінің бірі осы үшін алаяққа 30 000 теңге, екіншісі 120 000 теңге берген. Ал танысы болса ақша алғаннан кейін әр нәрсені бір сылтауратып, уәдесін орындамай әбігерге салған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке-басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған келіншектің тұрғыннан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергені анықтады. Содан соң оқиғаға байланысты полицейлер іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім көру мақсатында Мақтаарал аудандық сотына жолдаған болатын. Бүгінде сот күдікті әйелді аталған бап бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, онда сіз «102» телефоны бойынша полицияға тез арада хабарласыңыз.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі