Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Кабланбек ауылдық округіне қарасты Қанағат елдімекенінде жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар Президент сайлауында дауыс берді.
Жас отбасы Жаксылық Зайдин мен Жанару Сайлау Қанағат елдімекеніндегі №631 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.
Айта кетейік, жалпы Сарыағаш ауданы бойынша 79, ал Түркістан облысы бойынша 919 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі