Апталық брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылхан Төреханов: «Түркістан облысында 600-ден астам учаскелік полиция инспекторлары бар. Ал учаскелік полиция пунктерінің саны – 197. Оның 136-сына жөндеу жұмыстары жүргізілген. 14 учаскелік полиция инспекторы мен оның жанұясына тұруға жағдай жасалған. Яғни полиция пункті мен учаскелік полиция инспекторының қызметтік үйі бір шатырдың астында орналасқан. Бұл өз кезегінде әкімшілік аумақта жедел қимылдауға, елді мекен тұрғындарына қолжетімділікті арттырады. 2021 жылы облыстың учаскелік полиция инспекторларына 35 автокөлік берілді. Қазіргі таңда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Түркістан облысы аумағында 12 модульдік және стационарлық бекеттер орнатылды. Барлық стационарлық бекеттер компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қызметкерлер радиобайланыс және кеуде бейнетіркегіштерімен қызмет атқаруда. Ағымдағы жылдың 11 айында облыстағы учаскелік полиция инспекторларының жеке ізденуімен 1344 қылмыс ашылды. Бұрын сотталғандармен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында әкімшілік бақылауға 30 бұрын сотты болғандар алынды. Ал әкімшілік бақылауда тұрғандар арасында ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабын бұзғаны үшін 19 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар профилактикалық жұмыстар да назардан тыс қалмайды. Мәселен жыл басынан бері учаскелік полицейлердің қатысуымен «Құқықтық тәртіп», «Қадағалау», «Шартты», «Тұрмыс», «Подучетник», «Условник», «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді»,-деп атап өтті. Жалпы бұл аптадағы брифинг «Учаскелік полиция инспекторы – құқық бұзушылықты алдын алудың негізгі тұлғасы» тақырыбында өткізілді.
ТО ПД баспасөз қызметі