Түркістан облысында 3-наурыздан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» екпесі негізінде Қарағанды қаласында дайындалған екпені егу жұмыстары басталған болатын. 1 компоненттік 8 600 доза — медицина, білім саласы, полиция қызметкерлері мен төтенше жағдай және қорғаныс саласы мен мемлекеттік қызметкерлерге егілді деп хабарлайды Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ал наурыздың 25-нен бастап 8 600 дозаның 2-ші компонентін қабылдау басталады. Жалпы облыста екпе қабылдағандар саны қазіргі таңда 9 900 адамға жетіп отыр. Вакцинаның жеткізілуіне қарай алдағы уақытта халықтың осал топтарына ерікті түрде егіледі деп жоспарлануда. Covid-19 инфекциясына қарсы егу жұмыстары қала, аудан орталықтары мен елді-мекендердегі емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіліп жатыр.
Айта кетерлігі, ақпан айында Түркістан өңіріне Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының 1 300 данасы жеткізілген болатын. Екі компанентті екпені алдымен медицина қызметкерлері қабылдады.
В Туркестанской области около 10 тысяч граждан получили прививки от коронавируса
В Туркестанской области с 3 марта начата вакцинация против коронавируса прививкой, подготовленной в городе Караганде на основе российской «Спутник V» передает региональная служба коммуникаций Туркестанской области.
8 600 доз 1 компонента – вакцинированы работники медицины, образовательной сферы, полицейские и работники сферы чрезвычайных ситуаций и обороны и государственные служащие.
А с 25 марта начинается прием 2-го компонента 8 600 доз. В целом по области количество вакцинированных в настоящее время достигает 9 900 человек. Планируется, что по мере поставки вакцины в дальнейшем будут прививаться на добровольной основе уязвимые слои населения. Вакцинация против Covid-19 проводится в прививочных кабинетах поликлиник города, районных центров и населенных пунктов.
Стоит отметить, что в феврале в Туркестанский регион было поставлено 1 300 экземпляров вакцины «Спутник V» российского производства. Двухкомпонентные прививки вначале приняли медицинские работники.