Бүгінгі таңда жүн, сүт және ет өндірісінде Түркістан облысы елімізде көш бастап тұр. Ал өңірдің басым бағыттарының бірі — облыс орталығын азық-түлік өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз ету деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Осыған орай облыс орталығы Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру туралы шешім қабылданған. Ондағы жобалардың бірі — мал бордақылау алаңы бар тауарлы — сүт фермасын құру жобасы.
Гольштейн-фриз тұқымды 1200 мал басқа арналған жаңа ферманың басты мақсаты — тұрғындарды сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз ету. Ферманың құрылысы Кентау қаласы, Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында 46 гектар аумақта бастау алды. Бүгінгі күні жобаны іске асыру шеңберінде технологияны жеткізушісі анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Жобаның жүзеге асуы — сүт және сүт өнімдерінің сапасын арттырып, оның көлемін ұлғайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады деп жоспарлануда.
«Түркістан» ӘКК» АҚ іске қосылған алғашқы кезеңінде, яғни 2019 жылы 1000 гектар алқапта мал азығы дақылдарын өсіру жобасын бастаған болатын. Бюджет қаражаты мен сол кезде тартылған инвестицияларды пайдаланып, 18 жаңбырлатып суару машиналары сатып алынып, орнатылған. Сондай-ақ егістік алқаптардағы жұмыстарға арналған 26 дана ауыл шаруашылығы техникасы бар машина-трактор стансасы құрылды. Жобаны іске асыру жоспарына сәйкес, жиналған өнім соғылып жатқан өндірістік сүт фермасын қажетті жем-шөп қорымен қамтитын болады.
Новая молочно-товарная ферма на 1200 голов появится в Туркестанской области
Сегодня лидирующие позиции по производству шерсти, молока и мяса занимает Туркестанская область, а одним из приоритетов региона является обеспечение областного центра продуктами питания в полном объеме и качестве передает Региональная служба коммуникаций Туркестанской области.
В связи с этим принято решение о создании продовольственного пояса вокруг города Туркестан, включающего в себя ряд якорных проектов. Одним из основных является проект по созданию молочно-товарной фермы с собственной кормовой базой.
В свою очередь, главной целью новой фермы, мощностью 1200 голов голштино-фризской породы, является обеспечение населения высококачественными молочными продуктами. Строительство фермы начато на площади 46 га, на территории села Ынтымак (г. Кентау, с/о Шага). На сегодняшний день, в рамках реализации проекта определен поставщик технологии (в лице итальянской компании Rota Guido) и начаты строительно-монтажные работы. Планируется, что реализация данного проекта поспособствует повышению качества и увеличению объемов молока и молочной продукции, создаст новые рабочие места. В будущем проект позволит обеспечить областной центр, который с каждым годом привлекает все больше туристов, качественной молочной продукцией.
С 2019 года, в рамках первого этапа реализации, АО «СПК «Туркестан» начало проект по выращиванию кормовых культур на площади 1000 га. На бюджетные средства и привлеченные инвестиции было приобретено и установлено 18 дождевальных машин, а также создана машинно-тракторная станция с 26 единицами сельскохозяйственной техники для обслуживания посевных земель. Согласно плану реализации проекта собранный урожай обеспечит строящуюся промышленную молочно-товарную ферму необходимой кормовой базой.