Түркістан облысында 85 млн теңге қарызы бар көлік жүргізуші анықталды

жүргізуші

Патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау — қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы Lexus көлігіне қатысты белгі алды. Бұл көліктің иесі қомақты мөлшерде қарызын төлемеген болып шықты.

Полиция қызметкерлері көлікті Шымкент — Самара тасжолында тоқтатып, жүргізушінің қаржы ұйымына 85 миллион теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады.

Көлік айыптұраққа қойылды. Полицейлер жүргізушіге қарызды уақытында төлеу қажеттігін түсіндірді.