Түркістан облысында IT саласындағы жастар жұмыспен қамтылады

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің IT саласында білім алып жатқан 30-дан аса студент басқарма басышысы Елнұр Утебаевпен кездесті. Аталған жиын цифрландыру жөніндегі ұлттық  жобаның аясында іске асқан. Бүгінде отандық ІТ-секторды дамытып, күшейте түсу басқармадағы басты міндеттірдің бірі.

         Жиынға жиналған студенттер биылғы бітіруші түлектер. Осыған байланысты жастар басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жұмысқа арнайы шақырту алды. Енді жұмыс істеуге ниет білдірген түлектер мекеме ұсынған арнайы тесттен өтсе, жұмысқа алынады. Осылайша бұл жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға жасалған алғашқы қадам болып тұр.

         Басқарма басшының сөзінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев «қазақтар технарь болуы керек» деген міндет қойды. Бұл Қазақстанда соңғы жылдары тұжырымдалған ең дұрыс және нақты стратегиялық міндеттердің бірі. Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Осы ретте аталған саладағы жастарды қолдау бұл болашақта мамандыққа деген сұраныстың өсуіне ықпал жасайды.

         Кездесу соңында басқарма басышысы өзінің кәсібіне байланысты жеке оқиғаларымен де бөлісті, — ол «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тағы ең үздік жоғарғы оқу орындарында білім алған, сондай-ақ IT саласындағы қарапайым қызметкерден бастап, басқарма басышысына дейінгі кезеңнен өтті.

Ntime.kz