2023 жылғы 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі бар. Ал сайлаушылардың саны қазіргі таңда 1 168 658 адамды құрайды.
Түркістан облысының тұрғындары қазіргі таңда өздерінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді бірнеше тәсілмен онлайн ала алады:
1. Веб-қызмет: https://tur.saylaw.kz
2. Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/@tur_saylaw_bot
3. 109 телефоны бойынша бірыңғай байланыс орталығы.
Кез келген азаматты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін нақты оның тұрғылықты жері мен аталған сайлау учаскесінің аумағында тіркелу фактісі негіз болады. Мекен-жай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін «egov.kz» порталына жүгіну қажет. Әрі-қарай «Азаматтық, көші-қон иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына жүгіну керек.
Түркістан облысының Өңірлің коммуникациялар қызметі