Соңғы жылдары Түркістан облысы Қазақстанның ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының біріне айналды. 2024–2025 жылдары облыстағы өнеркәсіп, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында ірі серпілістер байқалды. Бұл өсім мемлекеттік қолдау, инвестициялық жобалар және кәсіпкерлік белсенділік нәтижесінде мүмкін болды.
Жыл басынан бері Түркістан облысының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қысқа мерзімді экономикалық өсім 120,4%-ды құрады. Осылайша, 2025 жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша Түркістан өңірі қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткішімен ел бойынша көш бастады.
Өңір экономикасының өсімі, негізінен, тау-кен, өңдеу, уран өндірістері, құрылыс индустриясы мен ауыл шаруашылығы саласындағы ілгерілеу есебінен орын алды.
5 ай көлемінде Түркістан облысындағы өнеркәсіп өнім көлемі 593,0 млрд. теңгені құрап, 14,8%-ға артты. Бекітілген жоспар 105,5%-ға орындалды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің үлесінде – 280,4 млрд. теңге болса, тау-кен өнеркәсібіндегі өндірілген өнім көлемі 259,6 млрд. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім бойынша облыс республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Бұл салада өндірілген өнім көлемі 194,3 млрд. теңгені құрап, өсім 6,3%-ға артты.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 117,4 млрд. теңгені құрап, өсім 1,4 есе артты. Жыл басынан пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 306,1 мың шаршы метрге жетіп, жоспар 125,5%-ға орындалды.
Сауда көлемі 269,7 млрд. теңгені құрап, жоспар 1,6 есе артығымен орындалды.
Көлік және қоймалау қызметінің көлемі 209,3 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,4%-ға артқан.
Байланыс қызметінің көлемі 4,9 млрд. теңгені құрап, 15,2%-ға артты.
Түркістан облысы – тұрақты даму жолындағы мүмкіндігі мол аймақ. Жоспарланған межеге қол жеткізу үшін тиісті жұмыстар жалғасын табады.
Түркістан облысы бүгінде еліміздің экономикалық картасында қарқынды дамып келе жатқан өңір ретінде ерекшеленіп отыр. Мемлекеттік саясаттың тиімділігі, бизнеске жасалған жағдай, және халықтың еңбекқорлығы арқасында аймақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты өсімге қол жеткізуде.
Алдағы жылдары өңірдің жаңа жобалар мен инновациялық бастамалар арқылы экономикасы одан әрі жандана түсетіні сөзсіз.