30 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күні! Түркістан облысының Әділет департаменті әділет органдары саласының 30 жылдық мерекесін салтанатты түрде атап өтті, деп хабарлайды ntime.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Әділет департаментінің баспсөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара ҚР Мемелекеттік Әнұранның орындалуынан бастау алды. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы, AMANAT партиясының Түркістан облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Әділет департаментінің басшысы және Түркістан облысындағы мекеме басшылары мен құқық қорғау органдарының басшылары және Әділет органының ардагерлері сондай-ақ, департамент пен аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысып, мерейлі мерекемен құттықтады.
Аталған шара да сөз сөйлеген Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Тұрғараев Мұхит Бекетұлы 30 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Әділет органдары саласына арналған баяндама жасай отырып, қатысушыларды әділет органдары күнімен құттықтап, еңбекте үздік атанған бірқатар қызметкерлермен сала ардагерлеріне мерекелік медальдар мен төсбелгілер, грамоталармен мен алғыс хаттарды табыстады.
Жиын барысында Түркістан облысының Әділет департаментінің тарихқа толы тағылымды жылдарда атқарған жемісті еңбегінің нәтижесі суреттеліп, арнайы жасалған бейнеролик көпшіліктің назарына ұсынылды. Cонымен қатар әділет органдарының 30 жылдық мерейтойына арналған «Әділет белестері» атты жаңа жинақтың лентасы салтанатты түрде қиылды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, естелік суретке түсті.
Егеменді еліміз үшін Әділет органдары күнінің маңызы зор. Конституцияның сенімді кепілі ретінде заң үстемдігін негізге ала отырып, адамның негізгі құқығын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық мемлекет құру басты мақсат болып табылады. Бүгінде Түркістан облысының Әділет департаменті коммерциялық емес заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді бақылауда, зияткерлік меншік құқығын қорғау саласы бойынша және құқықтық көмек көрсету және түсіндіруді қамтамасыз етуде сондай ақ сот актілерін орындау қызметінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді.