Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданды. Арызданушының айтуынша, оның танысы Ресей мемлекетінен «Киа» маркалы автөкөлікті төмен бағада әкеліп беремін деп алдаған. Тұрғынның әбден сеніміне кіріп 1 300 000 теңгеден астам ақшасын алған. Алайда, танысы не көлік әкеліп бермеген, не ақшаларын қайтармаған. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Сарыағаш ауданының полицейлері тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен алаяқты қолға түсіру, қылмысты ашу мақсатында кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Мұқият тексеру жұмыстары жасалып, полицейлер 2 тәулік ішінде күдіктінің ізіне түсті. Осылайша жедел уәкілдер күдіктіні Сарыағаш қаласынан ұстап, ПБ-не жеткізді. Анықталғандай, күдікті ер адамның бұдан алдын сотты болғаны белгілі болды. Оған қоса ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыыстарға қатыстылығы анықталуда. Ол өз кінәсін толық мойындады. Белгілі болғандай, күдікті ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бүгінде күдікті деп танылған ер азамат қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуге кеңес береді. Алдын ала ешкімге телефон арқылы ақша салмаңыздар. Алаяқтардың арбауына ермеңіздер. Егер, сіз, осындай алаяқтықтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.
ТО ПД баспасөз қызметі