Түркістан облысында 2020 жылы 19 елді мекен таза ауыз сумен қамтылып, 5 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылды деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жалпы 2026 жылға қарай облыс аумағындағы елді мекендер ауыз сумен және табиғи газбен 100% қамтылмақ. Бұл туралы брифингте облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков мәлімдеді.
2021 жылы ауыз сумен және су бұрумен жабдықтау бойынша 62 нысанның құрылысына бюджеттен 14 млрд теңге қаралып отыр. Соның ішінде, 37 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 25-сі келесі жылға өтпелі. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтылса, 12 елді мекеннің су құбыры жаңарады. 2025 жылға қарай «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірді толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған», – деді Б. Ануарбекұлы.
Сондай-ақ, өткен жылы облыс халқын көгілдір отынмен қамту мақсатында 14,1 млрд теңге қаралған. Нәтижесінде табиғи газ тартылған елді мекен саны 423 болып, жалпы өңірдің қамтылу деңгейі 64,4 пайызға жетті. Жалпы 2026 жылға дейін облыс халқын түгел газбен қамтамасыз ету жоспарланған.
Облыс бойынша жалпы 843 елді мекеннің 827-сі орталықтандырылған электр желісімен қамтылса, 16-сы дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, «Түркістан облысы елді мекендерін сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етудің 2020-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспарына» сәйкес, 172 елді мекенді сапалы электр қуатымен толығымен қамту жоспарлануда.
К 2026 году Туркестанская область будет обеспечена питьевой водой и природным газом на 100%
В Туркестанской области в 2020 году чистой питьевой водой обеспечены 19 населенных пунктов, обновлены ветхие водопроводы 5 населенных пунктов передает региональная служба коммуникаций Туркестанской области. В целом к 2026 году населенные пункты на территории области будут обеспечены питьевой водой и природным газом на 100%. Об этом на брифинге сообщил заместитель руководителя областного управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Бакытжан Полатбеков.
«На строительство 62 объектов по водоснабжению и водоотведению в 2021 году из бюджета предусмотрено 14 млрд тенге. Из них 37 объектов введены в эксплуатацию в текущем году, остальные 25-переходящие на следующий год. В результате 20 населенных пунктов будут обеспечены питьевой водой, а 12 селах обновлена система водоснабжения. К 2025 году в рамках государственной программы «Нұрлы жер» планируется полностью обеспечить регион питьевой водой», – сказал Б. Ануарбекулы.
Также в прошлом году на обеспечение населения области голубым топливом предусмотрено 14,1 млрд тенге. В результате количество населенных пунктов, в которых был проведен природный газ, составило 423, в целом уровень охвата региона достиг 64,4%. До 2026 года планируется обеспечить газом все население области.
В целом по области из 843 населенных пунктов 827 сейчас обеспечены централизованной электросетью, 16 сел автономными электроустановками. Стоит отметить, что в соответствии с «Планом мероприятий по обеспечению качественной, стабильной электроэнергией населенных пунктов Туркестанской области на 2020-2025 годы», планируется полностью снабдить качественной электроэнергией 172 населенных пункта региона.