Түркістан облысында Отан қорғаушылар мерекесі күні 182 сәби дүниеге келді деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Соның ішінде 88 ұл бала болса, 94 қыз бала. Бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы. Сондай-ақ, бір егіз бала дүние есігін ашты. Айта кетейік, мереке күндерінде кезекші ауысымда нәресте мен анаға дұрыс күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын атқарды. Жалпы, жыл басынан бері бала туу көрсеткіші 6,5 пайызға өскен. Ал, сәби өлімі 27,7 пайызға азайған. Осы орайда, ана мен бала саулығын сақтау бағытында іс-шаралар тұрақты түрде жалғаса бермек. Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Жыл басынан бері мұнда 20 мыңнан астам сәби дүниге келді.