Тұрақтылық пен тынышьтық- тәртіп сақшыларының басты назарында

Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері әр апта сайын қаланың тыныштығы мен тұрақтылығын нығайту мақсатында апталық бақылау жасап тұрады. Мамандардың мәліметінше, ағымдағы жылдың 10 мен 16-шы қазан күндері аралығында Жедел басқару орталығының «102» арнасына 8086- әртүрлі сипаттағы қоңырау келіп түскен. Оның 3443-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, шаһар аумағында орын алған 10 қылмыс ізін суытпай ашылды. Оның ішінде 8-ұрлық, 1-тонау, 1- бұзақылық жайты бар.

         Атап айтқанда, 14-қазан күні Қаратау АПБ-на «102» арнасы арқылы қалалық ауруханадан жергілікті тұрғын іш тұсының сол жақ бөлігі жарақатымен қаралғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері аталған ақпаратты негізге ала отырып тексеру жұмыстарын жүргізді.  Белгілі болғандай, түнгі сағат 00:40 шамасында белгісіз тұлғалар Сырым-Батыр көшесі мен Алматы тас жолы қиылысында жолға таласып, жәбірленушіге дене жарақатын салған. Мән-жайды нақтылау мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орын алған маңдағы бейнекамераларды тексерді. Жедел басқару орталығындағы бақылау камераларының көмегімен, бұзақылық жайтына қатысы бар деген күдікпен екі азамат анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша іс қозғалды. Қазіргі таңда, тергеу амалдары жүргізілуде.

         Осы тұста, қала тұрғындарын заң бұзушылыққа жол бермеуге шақырамын. Өзіңізге немесе өзгелерге қатысты құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыздар «102» арнасына хабарласып, мән-жайды жеткізіңіздер. Бұзақылық жайттарын жасырып қалу немесе өзара келісімге келу жауапкершіліктен жалтаруға көмектеспейді. Шаһарымызда орнатылған бейнекамералар заң бұзушылықтардың ізін суытпай ашуға зор септігін тигізуде.

         Ал, 3-9 қазан күндері аралығында Жедел басқару орталығының «102» арнасына тұрғындардан әртүрлі сипаттағы 7911 қоңырау келіп түсті. Оның 3377-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, шаһарымыздағы бейнебақылау камераларының көмегімен өткен аптада 9 қылмыс ізін суытпай ашылды. Оның ішінде, 5-ұрлық, 2-тонау, 2-бұзақылық жайты тіркелген.  Мәселен, өткен аптада «102» арнасына жергілікті азаматша арызданды. Ол өз шағымында түнгі сағат 00:10 шамасында белгісіз тұлға дүкен алдында тұрған құны 97.000 теңге тұратын велосипедін ұрлап кеткенін жеткізді. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іздестіру жұмыстары кезінде, оқиға орын алған маңдағы бейнекамералар бақылауға алынды. Нәтижесінде, күдіктінің жеке басы анықталып, Қаратау АПБ-на жеткізілді. Қазіргі таңда, анықталған азаматты заң жүзінде жауапкершілікке тарту үшін тиісті шаралар қабылдануда.

Ntime.kz