Үстіміздегі жылдың 15-26 қаңтар аралығында ҚР ІІМ-і Ержан Саденовтың нұсқауына және Шымкент қаласының Бас полицейі генерал Думан Таеевтың тапсырмасына сәйкес «Отбасы — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың» алдын алу, отбасы — тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы Шымкент қаласы аумағында жүргізілуде.
Осы орайда Қаратау ауданының полиция басқармасының аумақтық учаскелік полиция инспекторлары күшейтілген рейдтік жұмыстарын бастап кетті.
Шараның мақсаты қолайсыз ортадағы отбасыларды және зорлық — зомбылыққа бейімдерін назарда ұстап, оларға мейлінше түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қолға алған тәртіп сақшылары, антына адал жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруда.
Қаратау аудандық полиция басқармасының аумақтық учаскелік инспекторларының жұмыс күні осылай жүргізілуде.
«Тұрмыс» жедел шарасы жалғасуда
