Аудан әкімі Арман Сәбитовтің Қарасу ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде Ақбай ауылының тұрғындары ауыз су мәселесін көтерген болатын.
Аталған ауылдық округ ауыз су құбырларының тозығы жетіп ескірген, ал халық санының өсуіне байланысты жаз айларында ауыз судың жетіспейтіні байқалды. Бұл ретте, аудандық бюджеттен 58 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылды. Нәтижесінде қазір жаңа су мұнарасын орнату және құбырларды ауыстыру жұмыстары жүруде.
Мердігер «Шымкент Гранд строй»ЖШС басшысы қараша айының соңына дейін жұмыстарды толығымен аяқтайтынын айтты.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі