Келес аудандық полиция қызметкерлері үнемі кең ауқымды профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұрады. Нақтырақ айтсақ, Келес АПБ-ның учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А.Интикбаева мен Д.Тоғызбаев Қошқар ата ауылдық округі, Бесқұбыр ауылындағы №46 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен «Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында жолда жүру ережесін білуге, жол белгілерін үйретті.
Аталмыш шарада жол ережесін, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін түсіндірді.
Сонымен қатар оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстырды. Яғни жол қауіпсіздігін, жол көлік жарақаттануын алдын алу және өз бетінше автокөлік жүргізуге болмайтыны туралы ескертті.
Іс-шара соңында тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі