Төреайм Сұлтанова: Мен халқыма қызмет етуге әрдайым дайынмын!

Сұлтанова Төреайм Жолдыбайқызының №5 сайлау округі бойынша Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттық сайлауалды бағдарламасы:

1. Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосамын.

2. Қоғамдағы татулық пен бейбітшілікті нығайтып әділ қоғамды құруға белсене атсалысамын

3. Денсаулық пен білім беру саласының дамуына аянбай еңбек етемін .

4. Шағын және орта бизнесті дамытуға,отандық өнімдерді арттыруға үлесімді қосамын.

5. Халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етемін.

6. Қаламыздың әділетті және айқын экономикалық саясатын іске асырып, инфрақұрылым мен цифрлық мүмкіндіктерді дамытуға өз үлесімді қосамын.

7. Қоғамдағы әйел мен жастар саясатын қолдаймын және салауатты өмір салтын насихаттаймын.

Жарияланым ақысы Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына №5 сайлау округінен кандидат Төреайм Жолдыбайқызы Сұлтанованың сайлау қорынан төленген.