Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Т.Рысқұлов ауданында белгілі қоғам қайраткері, қазақ халқының жанашыры Тұрар Рысқұловтың муралы пайда болды.Бұл арт-жоба Құлан ауылы Жібек жолы мен Ә.Тілепов көшелерінің қиылысында орналасқан «ҚазПошта» ғимаратына салынды.Муралды салу үшін 2 күн жұмыс жасалды.Арт-нысан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Аудан тұрғындары ғимарат қабырғасына сән беріп тұрған стрит-арт суретін қолдап, аудан мақтанышына айналатынына сенімді.«Халқына пана болған, өз ұлты үшін бар күш-жігерін жұмсаған, ұлы тұлға Тұрар Рысқұловқа деген құрметті одан әрі арттырады деп үміттенеміз. Сондай нар тұлғаның атын еншілеген біздің ауданымыз үшін үлкен мақтаныш», — деп ойын айтты Құлан ауылының тұрғыны Азат Алиханов.
Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі