Университетте халықаралық форум өтті

2024 жылдың 11 желтоқсанында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (МИТУ) базасында «Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларының сапа көрсеткіші ретінде кәсіби дайындықта жұмыс берушінің рөлін арттыру» тақырыбында халықаралық форум өтті. Іс-шараға жетекші кәсіпорындардың жұмыс берушілері, ХИТУ басшылығы, сондай-ақ Түркия, Қытай, Корея, Ресей және Қырғызстан университеттерінің өкілдері қатысты.
Форум аясында «Тағам өнімдерінің техникасы және технологиясы» кафедрасында «Тағам инженериясының технологиялық процестері» өндірістік зертханасының салтанатты ашылу рәсімі болды. Ашылу рәсіміне университет ректоры Сарсенбекова Г.А., бірінші проректор Ақпанбетов Д.Б., кафедра меңгерушісі Таттибаева Д.Б. сонымен қатар жұмыс беруші ұйымдармен кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.
Зертхана тағам өнімдерін өңдеудің технологиялық процестеріне арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған. Зертхананың ашылуы баклавриат, магистратура және докторантурада оқитын білім алушылардың зертханалық және ғылыми жұмыстарын жүргізуге үлкен мүмкіндік береді.