Атом элетр станциясын  эксплуатациялау тәжірибесі жайлы деректі фильм көрсетілді

фильм

Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығында» жастар арасындағы 2 қыркүйектегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында атап өткендей, 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумге орай АЭС бойынша деректі фильм көрсетілді.

АЭС үлкен көлемде электр энергиясын өндіре алады, әсіресе халық саны көп аймақтар үшін маңызды. Сондай-ақ, атом электр станциялары парниктік газдарды аз шығарады, бұл климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Тұрақты түрде энергия өндіре алады, бұл жел немесе күн энергиясымен салыстырғанда маңызды артықшылық.

Ал, кемшіліктеріне келер болсақ, АЭС апат жағдайында үлкен қауіп тудырады. Чернобыль мен Фукусима апаттары оның ауыр зардаптарын көрсетеді. Сонымен қатар ядролық қалдықтарды қауіпсіз сақтау үлкен проблема болып табылады. Олар жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы радиациялық қауіп төндіруі мүмкін.

АЭС құрылысына қатысты шешім қабылдау барысында экологиялық, экономикалық және қауіпсіздік аспектілерін мұқият қарастырып, халықтың пікірін ескеру қажет. Бұл ұзақмерзімді пайда мен ықтимал тәуекелдерді теңестіру үшін маңызды.

Фильмді көру арқылы біз жастардың табиғат пен адамзатты құрметтеудің, шешім қабылдаудағы жауапкершілікті түсінгенін қалаймыз. Бұл тақырып олардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға және жаһандық мәселелерге қатысты саналы ұстанымын қалыптастыруға тағы бір ынталандыру болады деп сенеміз.